Алматыда көліктің ішінен ер адамның денесі табылды

Алматыда көліктің ішінен ер адамның денесі табылды
Сурет: Egemen.kz

Алматыда көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды.

Полиция қызметкерлері марқұмның қасында болған 33 жастағы адамды ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның денесі «Айнабұлақ» ықшамауданында «Тойота» автокөлігінің ішінен табылды.

«Мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б.есімді азамат ұсталды. Олар жанжалдасқан болуы мүмкін»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.