Алматыда қоқысқа айналған пластиктерге «екінші өмір» сыйлаған көрме өтуде

Алматыда қоқысқа айналған пластиктерге «екінші өмір» сыйлаған көрме өтуде
Сурет: Egemen.kz

Жердің бетін жайлаған миллиардтаған адамдар күн сайын, сәт сайын миллиондаған тонна қоқыс тастайды.

Енді тұрмыстық қалдықтардан қашып құтыла алмасақ та, оны азайтудың жолдарын қарастыру күн өткен сайын көкейкесті сипатқа айналып келеді. Оның ішінде әсіресе, ешқашан шірімейтін, өздігінен топыраққа сіңіп кетпейтін пластиктерді екінші рет кәдеге жаратпаса, онда ертең адамзат баласы жүретін жер таппай қалуы да ғажап емес. Сондықтан трансұлттық компаниялар осынау өзекті мәселеге араласуға мүдделі болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, дәл осы күндері Алматыда «Plastic in Art» атты өңделген пластиктерден жасалған бұйымдар көрмесі ашылып, өнердегі пластиктің «екінші өмірі» – оның әдемі әрі берік және кәдеге жарайтын жері көп екендігін көрсетті. Бұл қызықты дизайнерлік шешімдер, ерекше өнер мен тұтынушылық жауапкершіліктің өткір мәселесіне деген жаңа көзқарас.

Көрме жастардың бастамасын қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасының жаңа маусымының басталуына арналып отыр.

Жоба ұйымдастырушылары биылдан бастап «3.2.1. Старт!» акциясын Қазақстан жастары арасында жандандырып, пластиктерді бөлек жинауға, оны өңдеуді дамытуға және насихаттауға бағыттайтын болады. Дәл осы өзгерістер компанияларға – 2030 жылға қарай пластиктерді 100% жинап алу міндеттемесін орындауға көмектеседі деген үміт бар.

Осы бастамаға демеушілік көрсетуге мүдделілік танытып отырған Coca-Cola Icecek Kazakhstan Компания осы мақсатпен 6 қалада Қазақстанның 10 жетекші университетінің студенттерін тартып, олармен бірге одан әрі қарай қалдықтарды екінші рет пайдаға жарату үшін сұрыптау мен жинау идеяларын әзірлеуді көздеп отыр.

«3.2.1. Старт!» 8-ші жобасына қатысушыларды пластиктер жинау, өз университтеттерінде сұрыптау мен қайта өңдеу кестелері жөніндегі тапсырмалар күтіп тұр, ал ең жақсы идеялар байқауды ұйымдастырушылардың қаржылай қолдауының арқасында жоо қабырғасында жүзеге асырылмақ.

Ең үздік идеялардың авторлары маусым аяғына қарай марапат ретінде пластиктерге «екінші өмір» сыйлау үшін оны қайта өңдеуден өткізе алатын қымбат жабықтардың толық желісіне ие болады

«Біз студенттермен бірлескен күш-жігеріміздің, Қазақстанның эко-қауымдастығының, бизнес және мемлекет өкілдерінің арқасында – бөлек жинауды енгізудің нәтижесінде – қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудағы өз мақсатымызға жетудің көптеген қызықты жолдарын таба алатынымызға нық сенімдіміз. Бүкіл әлем айналмалы экономикаға ұмтылып отыр, және бізде оны Қазақстанда дамытудың барлық мүмкіндіктер бар деп есептейміз», дейді CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік байланыстар мен тұрақты даму жобалары жөніндегі директоры Әлима Исембаева.

Ал көрмеге келушілер қалдықтарды неге сұрыптау қажеттігі, мұны үйде қалай жасауға болатындығы, жиналған шикізаттар қайда баратыны туралы білетін болады. Ең бастысы ұйымдастырушылар пластиктерге шикізет ретінде қарауды, оларға қалай «екінші өмір» сыйлауға болатындығы жайлы баяндады.

Мысалы, мәселен көрмеде ұсынылған Trashback-тен мөлдір ваза жасау үшін 29 пэт-бөтелке (пластик) қайта өңделген, ал бір NOA футболкасына 15 бөтелке қажет болған. Көрменің ең көрнекті экспонатының бірі – «3.2.1. Старт!» жобасының алдыңғы маусымында жеңіске жеткен Rocket Plastic командасы құлшына жасаған сәкі десек болады.

Coca-Cola компаниясы мұның алматылықтар мен қала қонақтары қатысқан эко-марафон өткізіп, жастар қайта өңделген пластиктен сәкі жасап шығарған болатын.

Осы арада тұрғындардың белсенділігінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен PlastNet желісінің қолдауының арқасында 3 мың тоннадай пластик жиналғанын, оның бір бөлігінен алғашқы 6 пластик сәкіні жасалып, олардың Алматы қаласына сыйға тартылғанын, бұл сәкілерді М.Горкий атындағы саябақтан көруге болатынын айта кетуге болады. Ал қалғаны қайта өңдеуге жіберілген. Сондықтан компания осындай бастамаларды одан әрі қарай инвестициялауға ниет білдіріп отыр.