Алматыда қоғамдық көлік шұңқырға түсіп кетті

Алматыда қоғамдық көлік шұңқырға түсіп кетті
Сурет: Inform.kz

Мамандар көрсетілген мекенжайға барды.

Алматыда №122 жолаушылар автобусы жол үстіндегі ойыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқиға орнынан түсірілген сурет әлеуметтік желілерде тарады. Жарияланым авторының айтуынша, оқиға қаладағы "Мәдениет" шағынауданында болған.

"Барлығы опырылып жатыр. Жол ешқашан жөнделмеген. Жоғарыдағылардың біреуі келген кезде ғана жөндей бастайды. Бізде тіпті жол жиегі де жоқ, бәрі опырылып жатыр. Көліктер мен автобустар өте алмайды", - деп жазылған жарияланымда.

Аталмыш жағдайға байланысты қалалық энергетика басқармасы жауап берді. Алматы қалалық Энергетика басқармасының мәліметінше, қазір мамандар аталған мекенжайға аттанды. Опырылып түскен жер арнайы лентамен қоршалған, жақын арада қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.