Алматыда қоғамдық көлік метро бекетіне соғылды

Алматыда қоғамдық көлік метро бекетіне соғылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Зардап шеккендер жоқ.

Алматыда қалалық жолаушылар автобусы метро станциясының кіреберіс құрылымына соғылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Қаскелең автобус паркі» ЖШС тасымалдаушы компаниясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 28 желтоқсан күні таңғы уақытта Абай көшесінің бойында Ясауи мен Момышұлы аралығында болған.

«28 желтоқсанда таңғы сағат 7:30 шамасында №78 маршруттың жүргізушісі «Б. Момышұлы метробекетіне» кіреберістегі әйнек құрылымына соғылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады компаниядан.

Автопарк басшылығы уәкілетті орган Алматы қалалық полиция департаментімен бірлесіп, қолданыстағы заңнама аясында шара қабылданатынын жеткізді.