Алматыда кәсіпорындардың саны өсіп келеді

Алматыда  кәсіпорындардың саны өсіп келеді
almaty-akshamy.kz

Алматыда жыл басынан бері  жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындардың саны 25 % - ға өсті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматыда 9 айдың қорытындысы бойынша  жоғары іскерлік белсенділік сақталуда. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік басқармасынан хабарлады. Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің саны 25,8% - ға өсіп, 341 мыңға жетті. 

Бірінші  жартыжылдықта ШОБ өнімін шығару 8,6% - ға артты. ШОБ-ты қолдау үшін субсидиялау, кепілдік беру және кредиттеу үшін 49,4 млрд.теңге бөлінді. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 60% - ға дейін ұлғаяды  деп болжануда.