Алматыда «Білгамеш» альманахының он нөмірінің шығуына арналған кеш өтті

Алматыда «Білгамеш» альманахының он нөмірінің шығуына арналған кеш  өтті

 «Білгамеш» альманахының негізгі миссиясы - мәдениеттерді жақындастыру. 

ЮНЕСКО-ның қолдауымен Халықаралық мәдениетті жақындастыру орталығы «Білгамеш» мәдениеттану және әлеуметтік зерттеулер альманахының он нөмірінің шығуына арналған кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі. 

Іс-шара Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы (2013-2022 жж.) және ЮНЕСКО-ның білім қоғамдарын құру жөніндегі идеяларын практикалық іске асыру шеңберінде өткізілді. 

«Мәдениеттерді жақындастыру орталығының кітапханасын» құру және «Білгамеш» мәдени және әлеуметтік зерттеулердің ғылыми-танымал альманахын шығару идеясы 2019 жылы пайда болды. Альманах беттерінде төрт жылдан бері қазақстандық және шетелдік ғалымдар мәдениеттердің өзара іс-қимылы мен жақындасуы мәселелерін қозғайтын мақалалар, эсселер мен ғылыми-танымал жұмыстар жариялап келеді. 

Ұйымдастырушылардың пікірінше «Білгамешті» шығара отырып, оның беттерінде көптеген жылдар бойы баспасөзде және ғылымда айтылып келе жатқан өзекті мәселелерді көтеруді басты назарға алған. Сондай-ақ, ғалымдарды диалогқа шақыру мақсатын басшылыққа алған. Бүгінгідей қоғамда кітап мәдени құбылыс ретінде жақсы жағынан танылу керектігіде айтылды. 

«Әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі бола отырып, дүниежүзілік тарих ағынында қалу - біздің мақсатымыз. Еліміз жаһанданудың жемістерін жеп, ұлттық мәдениетті таныту қажет.  Біздің ойымызша, халықтардың мәдени әртүрлілігін сақтай отырып, ортақ құндылықтарды нығайту - маңызды мәселердің бірі. Планетарлық сана ұлттық санаға қарама-қайшы емес, ол оның дамуының ең жоғарғы формасы», – дейді ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменов.

«Білгамеш» альманахының негізгі миссиясы - мәдениеттерді жақындастыру. Қазақстан бұл идеяны мәдениеттердің неліктен алшақтап бара жатқанын  зерттеу және түсіну үшін ұсынды. Осы жоба арқылы жастарымыз ежелгі дәуірдің жазуларын, тілдер мен діндердің шығу тегін түсіндіруге септігін тигізеді. Сондай-ақ, гуманитарлық білімнің өркендеуін өзіндік көмек көмектеседі.