Алматыда атыс болып, екі адам жараланды

Алматыда атыс болып, екі адам жараланды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыдағы әл-Фараби мен Назарбаев көшелерінің қиылысындағы «Сансет» мейрамханасында түнгі сағат 00:30 шамасында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, бетперде киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Атыстан бір адам асқазанынан, екіншісі аяғынан жараланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Полицейлер бұл деректі Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімі тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды.

Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деп жазды ІІМ-нен.

Ондағы ақпаратқа қарағанда, күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.