Алматыда әскери жауынгерлер Донорлар күнін ұйымдастырып, қан тапсырды

Алматыда әскери жауынгерлер Донорлар күнін ұйымдастырып, қан тапсырды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Олар өз  белсенділіктерін танытты.

 Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөлімнің жауынгерлері , Донорлар күнін ұйымдастырып, қан тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Әскери бөлімінің ұландары қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен  тыныштығын қорғап,қоғамдық тәртіпті ғана қамтамасыз етіп  қоймайды, олар қоғам өміріндегі өзекті де әлеуметтік мәселелерге  де өз үлестерін қосып,  тұрғындардың өмірлерін сақтауға да қолұшын созып тұрады. Сондай іс-шаралар   барысында    5571 әсери бөлімнің  жауынгерлері  Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс  мерекесіне орай,  Алматы қалалық Қан орталығымен  бірлесіп, Донорлар күнін ұйымдастырып, қан тапсырды.  Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлауды өздерінің азаматтық борыштарының бір паразы ғана емес, қайырымдылық жасаудағы ең сауапты істердің бірі санайтын  жауынгерлер  Қалалық  қан орталығының бастамасына бірауыздан қолдау білдіріп, қан тапсыруда  өз  белсенділіктерін танытты.

«Бұл әскери бөлімнің жауынгерлері алдын ала келісілген жосапарларға сәйкес, Донорлар күнін жиі ұйымдастырып тұрады. Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында бөлім басшылары  тағыда бастама көтеріп, қан тапсыруға ниет білдірген болатын. Орталықтың басшылығы мен  қан жинақтау бойынша  ұйымдастырылған  көшпелі тобы  5571  әскери бөлімнің  жауынгерлерінің бастамасын қуана қабылдады».– дейді Орталықтың Донорларды жинақтау бөлімінің  насихат және  ұйымдастыру бөлімінің  жетекші маманы Күләш Насрединова.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесін осындай  қайырымлық шараларымен  атап өтуді жөн көрген    жауынгерлер мен әскери қызметкерлер үшін өздері тапсырған қанның  ауруханалардағы ауыр халде жатқан науқастар мен жазатайым жазымға ұшырап, қан қажет болып жатқан адамдарға  жәрдемі тисе, бізге одан өткен олжа жоқ .

«Өйткені, біздің қоғамның басты байлығы  дені сау, он екі мүшесі сау адам»,– дейді осы қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға ұйытқы бола білген бөлім командирі Бақдәулет Оспанбеков.

Алматы қалалық Қан орталығының директоры Жандос Надиров жауынгерлерді белсенділікпен қан тапсыруға жұмылдыра білген бөлім командирі Бақдаәулет Оспанбековке, бөлімнің санитарлық нұсқаушылары  Күлшат Ахынова мен  Фарида Мангатаваға алғыс білдірді.