25 мың қарадомалақ

25 мың қарадомалақ
Сурет: Egemen.kz

Алматыда 25 мыңнан астам бала тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттайды

Ережеге сәйкес, алты жастағы және жыл соңына дейін  алты жасқа толатын бүлдіршіндер білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданады. 1-сыныпқа қабылдау egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, биыл бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш беру бірінші сәуірден басталып, 1-ші тамызға дейін жалғасты.  Бүгін өтініш қабылдаудың соңғы күні. Алайда, өтініш беріп үлгермеген ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ. Барлық өтініштер жеке қарастырылады. Ал биыл 1-4 сыныптардың оқушылары толықтай, сондай-ақ, 5-11 сыныптардағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары мектеп асханасынан тегін тамақтанады.

«Білім беру ұйымдары өздерінің шағын учаскелеріндегі барлық балаларды қабылдайды және ата-аналар өздерінің шағын учаскелеріне қарасты мектепке емес, бос орын болған жағдайда кез келген басқа мемлекеттік білім беру ұйымына тіркеле алады. Мектептерде орын саны жеткілікті. Биыл білім беру ұйымдарының барлық оқушылары жүз пайыз тегін оқулықтармен қасмтамасыз етіледі», - дейді қалалық білім басқармасы бөлімінің бас маманы Гүлназ Жотабаева.