Алматы ТЖД өрт қауіпсіздігіне байланысты ескерту жасады

Алматы ТЖД өрт қауіпсіздігіне байланысты ескерту жасады
Сурет: Tengrinews.kz

Алматыда 14-16 маусым аралығында жоғары өрт қаупі сақталады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыған орай, Алматының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырды.

«Тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдану;

- темекі шекпеу, тұтанған сіріңке және темекі қалдықтарын тастамау;

- күн сәулесінде бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа да тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау және шөптің үстіне от жақпау қажет», - деп ескертті ТЖД-да.