Алматы полициясы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған марафон өткізді

Алматы полициясы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған марафон өткізді
Сурет: Polisia.kz

Іс-шара қаланың шеткі аудандарында өтті.

Алматы облысындағы Ұзынағаш және Күрті ауылдары арасындағы тас жолда ПД-ның жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 35 сарбазы мен олардың командирлері 42 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Polisia.kz-тің мәліметінше, ЖҚАЖ қызметкерлері марафонды халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға, сондай-ақ Алматы қалалық ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының құрылғанына 35 жыл толуына арнады.