Алматы облысында есірткі егіп, қару сақтаған тұрғын ұсталды

Алматы облысында есірткі егіп, қару сақтаған  тұрғын ұсталды
Сурет: интернеттен

Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 5 тонна.

Балқаш ауданы, Ақбайлау ауылының аумағында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісін анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл деректі  2023 жылы 25 тамызда Алматы облысы ПД Есірткіге қарсы күрес қызметкерлері өңірдегі ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесіп анықтаған.

"Аталған дерек ҚР ҚК 300-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. 1951 жылғы Д. есімді жоғарыда аталған учаскенің иесі ұсталды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Күдіктінің ауданы 1 гектар жер учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды.

"Сондай-ақ тінту барысында екі иір ойықты мылтық, үш тегіс ұңғылы мылтық, 5, 56 мм оқтармен жарақталған оқсауыт, тепловизор, лазерлік көздеу және басқа да қару-жарақтың керек-жарақтары анықталып, тәркіленді. Дерек негізінде ҚР ҚК 287-бабы бойынша жеке қылмыстық іс жүргізу басталды", - деді облыстық ПД бастығы.

Барлық фактілер бойынша тиісті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.