Алматы экономикасының драйвері

Алматы экономикасының  драйвері
primeminister.kz

Өңдеу өнеркәсібі 2022 жылы Алматы экономикасының өсуінің драйверіне айналды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Мәслихаттың VI сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қаладағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-ға өскенін хабарлады. Бұл 2022 жылы 5,1% деңгейде болған мегаполистің экономикалық өсуіне елеулі үлес қосты. 

Сондай-ақ, әкім орынбасарының мәлімдеуінше, ШОБ қолдау шаралары оның мегаполис экономикасындағы үлесін 57,8%-ға дейін арттыруға көмектесті.