Алматы ауруханаларында 1 310 адам коронавирустан емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында 1 310 адам коронавирустан емделіп жатыр
Сурет:Russian.rt.com

Оның ішінде 85 бала емделіп жатыр.

Алматыда коронавирус жұқтырған 1310 науқас ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының 9 ақпан күнгі мәліметі бойынша, бір тәулікте қалада 938 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 141, келіп түскені – 144.

Инфекциялық стационарларда 1 310 адам бар (төсек-орын - 3310 ). Оның ішінде 85 бала емделіп жатыр.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 96 адам жатыр.

Ал 25 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

«Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 30 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 16 аппарат жұмыс істейді», - делінген қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 7 033 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 556 науқас, симптомсыз 477 науқас бар.