Алматы академиясының басшысы Павлодарда кадеттермен кездесті

Алматы академиясының басшысы Павлодарда кадеттермен кездесті
Сурет: Polisia.kz

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков Павлодарда кадеттермен кездесті.

Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбековпен кездесу офицер болуды армандайтын мектеп оқушыларының шынайы қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қабанбай батыр атындағы “Жас Сарбаз” мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары қызметке байланысты өз жоспарларымен бөлісті. Ведомстволық оқу орнының бастығы академияға түсу шарттары туралы айтып, іріктеудің негізгі критерийі кандидаттардың жеке қасиеттері екенін атап өтті. Тәртіп, жауапкершілік және міндет – офицерлер қатарына қосылуға ғана емес, сонымен қатар жоғары басшылық құрамға дейін табысты өсуге көмектесетін қасиеттер.

«Маған сіздердің бойларыңыздағы патриоттық сезім мен погондағы мамандыққа деген құрметтеріңіз ұнайды. Сіздердің біреулеріңіз полиция қызметкері, біреуіңіз әскери қызметкер немесе ТЖ қызметкері боласыздар. Әр сала болғанымен, мақсаттарыңыз бір болмақ. Кадет қатарынан өткеннен кейін сіздердің офицерлердің жолын абыроймен жалғастыратындықтарыңызға сенімім мол», – деді академия бастығы.

Сондай-ақ академия бастығы Павлодар қаласының ҚР ІІМ ҚАЖК оқу орталығында болды. Онда бастапқы даярлық тыңдаушылары оқиды. Ал Toraighyrov University-де профессор Сайтбековтің дәрісі өтті. Саяси ғылым докторы цифрландыру жағдайында құқықтық ағарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбын көтерді. Болашақ заңгерлер алған ақпараттың маңыздылығын атап өтті.

ІІМ Алматы академиясында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды оқытуға арналған IT-алаң белсенді дамып келетінін атап өтті. Бұл киберполигон, киберлаборатория, олар жаңа цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, әртүрлі қылмыс пен құқық бұзушылықтарға тиімді қарсы тұруға мүмкіндік береді.