Алматы академиясында пікірталас турнирінің жеңімпаздары марапатталды

Алматы академиясында пікірталас турнирінің жеңімпаздары марапатталды
Сурет: Polisia.kz

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында полиция департаменттерінің әр аймағынан жиналған басшылық құрамды даярлау факультетінің тыңдаушыларына ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атынан сертификаттар мен Ішкі істер министрлігінің кубогын жеңіп алған пікірсайыс турнирінің жеңімпаздарына грамоталар табысталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Егеменді еліміздің жарқын болашағының кепілі – Жаңа Қазақстан құруда білікті кадрлардың атқаратын рөлі орасан. Ал ішкі істер органдары үшін білікті кадрларды Алматы академиясы даярлайды. Сіздер болашақта ішкі істер органдарындағы жаңашыл бастамалар мен реформаларды жүзеге асыруда академия қабырғасында алған білімдеріңізді жұмсайды деп сенеміз», – деді академия басшысы А.Сайтбеков өзінің құттықтау сөзінде.

Өз кезегінде сөз алған басшы құрамды даярлау факультетін бітіруші ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Идрисов та академия басшылығына жан-жақты білім алуға жағдай тудырғаны үшін алғыс білдірді. Пікірталас турнирінің қорытындысы бойынша ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Е.Чупеков, Солтүстік Қазақстан облысы ПД Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы .Е.Еслямбеков, Қызылорда облысы ПД анықтау басқармасының бастығы Н. Жамал-Ад-Дин жүлделі орындарды иеленді.