Алматы әкімі қала тұрғындарын Құрбан айтпен құттықтады

Алматы әкімі қала тұрғындарын Құрбан айтпен құттықтады
Almaty-akshamy.kz

Ерболат Досаев алматылықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Құрбан айтты мерекелеудің рухани дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл күннің тарихи тамыры тереңде. Мұсылмандардың қуаты бірлік пен адамгершілік, мейірімділік пен бойұсынуда.

Біз Құрбан айтты жылы жүрекпен, таза ниетпен қарсы аламыз. Бұл күні біз әрдайым жақындарымызға ерекше қамқорлық жасап, көңіл бөлеміз. Баршамызды қуаныш пен бақытқа бөлеп, жаңа бастамаларға сәттілік әкелсін!», - деді қала басшысы.