Алматы әкімі Алатау ауданында су сорғы станциялары қашан салынатынын айтты

Алматы әкімі Алатау ауданында су сорғы станциялары қашан салынатынын айтты
Сурет: Almaty-akshamy

Келер жылдың көктемінде су сорғы станциясының құрылысы басталады.

Алматының Алатау ауданының тұрғындары қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесу барысында көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап іздеді. Сондай сұрақтардың біріне су сорғы станциялары туралы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Мен Томирис шағынауданының тұрғынымын. Біз су сорғысының станциясы жоқ? Осы мәселе қашан шешіледі",- деп сұрады аудан тұрғыны.

Мегаполис жетекшісі бұл маңызды мәселе екенін атап өтті және оның шешу жолдарын айтты.

«Алатау ауданына барлығы 18 су сорғы станциясы керек. Айтылған мәселе шешу үшін бүгінгі күні 4 станцияның құрылысын бастадық. Бұл жағдайды реттеудегі ең маңызды мәселе – құрылысқа жер табу. Дегенмен "Томирис" шағынауданы жоба ішінде бар. Биыл осы аймаққа күзде жоба жасалып, қаражат бөлінген соң, келесі жылы көктемде су сорғысының құрылысын бастаймыз», -  деді Ерболат Досаев.