Aрдагерлерге су жаңа көлік сыйлады

Aрдагерлерге су жаңа көлік сыйлады
Сурет: Самат Құсайынов

Алматыда қарттарға арналған игі шаралар легі жалғасып келеді.

Бүгін, 31 қазан күні «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық қорына су жаңа автокөліктің кілті табыс етілді деп хабарлайды Almaty-aqshamy.kz.

Алматыда қарттарға арналған игі шаралар легі жалғасып келеді. Бүгін қазан айындағы барлық игі шаралардың қорытындысы ретінде Түрксіб ауданында «Ардагерлер кеңесіне» су жаңа автокөлік табыс етілді.

Игі шара Түрксіб ауданына орналасқан Allur отандық автокөлік компаниясының аумағында өтті. Chevrolet cobalt маркалы автокөлік кілті аталған компанияның «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Галия Аскароваға тапсырды.

«Бұл шынында тамаша сыйлық болды. Біздің ардагерлер кеңесінің мүшелеріне, олардың түрлі әлуметтік шараларға белсенді қатысуына мүмкіндік береді деп есептеймін. Жалпы, елімізде қарттарды, зейнеткерлерді қолдау шаралары тынбай жалғасып келеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы да қарттарға көңіл болу туралы арнайы тапсырмалар беріп жатыр. Бұл бұны тек ризашылықпен қабылдаймыз», – деді Галия Аскарова.

Ол сондай-ақ, қарттар мен зейнеткерлердің әлуметтік өмірден тыс қалмауына айрықша көңіл бөліп келе жатқан қала және аудан әкімдеріне де өз алғысын білдірді.

Айта кетейік, Алматыдағы өзге аудандармен қатар Түрксіб ауданында да ай бойы ардагерлер мен зейнеткерлерді қолдау бойынша түрлі шаралар өтіп келді. Оның қатарында азық-түлік себеттерін тарату, түрлі мәдени шараларды ұйымдастырулар да бар.

Бүгін табыс етілген су жаңа автокөлік аудандағы ардагерлерге қызмет көрсету үшін пайдаланылмақ.