Әлемде Наурыз мейрамын 300 миллиондай адам атап өтеді

Әлемде Наурыз мейрамын 300 миллиондай адам атап өтеді
Сурет: Turkystan.kz

Наурыз ЮНЕСКО көлемінде мерекеленеді

Күн мен түн теңескен көктем мерекесі БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесіне және Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне қосылған. Париждегі ЮНЕСКО ұйымының штаб-пәтерінде Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

 Оған 182 мемлекеттің өкілдері шақырылып, оларды Наурыз ұлттық мейрам саналатын елдердің делегациялары қарсы алды. Дәстүрлі музыка, тағамдар, киім, әшекейлер мен ыдыс. Наурыз түркі және парсы елдері мәдениеттерінің алуан түрлігін көруге мүмкіндік береді. Арнамызға берген сұхбатында ЮНЕСКО ұйымының бас директоры Қазақстан халқы Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

«ЮНЕСКО-да ұлы мейрам – Наурызды тойлап жатқанымызға өте ризамын. Бұл расында Қазақстан, Орталық Азия мен өзге де елдер үшін үлкен мереке. Ең алдымен бұл бейбітшілік символы. Көптеген елдер үшін қиын сәтте бұл мейрам – бейбітшілік жолдауы. Барлығын мейраммен құттықтаймын! Наурыз құтты болсын! ЮНЕСКО-мен бірге осы мейрамды атап жатқандарыңызға көп рахмет!» - деді ЮНЕСКО ұйымының бас директоры Одре Азуле.