Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді
Сурет: Gov.kz

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгерткен жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Комиссия құрамына кіргендер:

Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

Бурашева Гүлмира Майорқызы – "Қайрат Иманалиев атындағы мүгедектердің құқықтарын қорғау комиссиясы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);

Ғиният Ажар – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Әлия Айтбекқызы Ехласова – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы;

Светлана Қабыкенқызы Жакупова – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы;

Зәкиева Динара Болатқызы – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);

Имашева Снежанна Валерьевна - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;

Пен Сергей Геннадьевич – М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Провосты (ректоры)

Сәденов Ержан Сапарбекұлы – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Комиссияда  әртүрлі лауазымдарда қалғандар:

Әбішев Тастемір Дәуітұлы – қоғам қайраткері, Комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)";

Сәбитова Айнұр Әлімханқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан – Сорбонна институтының директоры, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Комиссия құрамынан мыналар шығарылғандар:

Ахметжанова М.М., Алауханова Е.О., Башимова М.С., Бейсембаева Г.Б., Бектенова О.А., Қыдырәлі Д.Қ., Мыңбай Д.К., Оралова А.Р., Платонова А.С., Сайын А., Тілеуберді М.Б.