«Ақылды» киім киеміз

 

 

Петербург ғалымдары жаңа ұрпақтың «ақылды» деп аталатын киімдерін «тікті».

Тіндерге салынған көрінбейтін және салмақсыз икемді датчиктер әртүрлі көрсеткіштер бойынша пациенттің денсаулығын үздіксіз бақылайды. Ең алдымен, қант диабеті, қан қысымы секілді созылмалы аурулары бар науқастар үшін тиімді. «Ақылды киім» әскерилерге, ұшқыштарға, спортшыларға, сүңгуірлерге, машинистер мен жүргізушілерге де көмегін тигізеді. Ғалымдар «ақылды киім» жақын арада көпшілікке қолжетімді болады деп отыр.

Қазірдің өзінде бірқатар салада бұл киім қолданылады. Ол дене қызуын, қысымды, терінің ылғалдылығы мен тамыр соғуын өлшей алады. КХЛ хоккейшілері әр ойын алдында иығындағы арнайы қалтаға электронды таблетка тәрізді нәрсе салып қоятын көрінеді. Ол қозғалыс жылдамдығы мен өткен қашықтықты есептейді.

– Алайда, Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің  ЛЭТИ ғылыми орталығы киімнің IQ деңгейін жоғарылатуды өз мойнына алды. Микрочиптер тікелей матаға біріктірілген. Сіз тек кремнийлі чипті біріктіре алмайсыз. Ол икемді болуы керек. Біз чиптің қалыңдығын 30-дан 70 мкм.-ға дейін жеткіздік, – деп бөлісті «Нанотехнологиялар» РЭК ғылыми директоры, микро және наноэлектроника кафедрасының меңгерушісі, профессор Виктор Лучинин.

Киімнің де машығы артты: енді ол тыныс алу жиілігін, қандағы оттегінің қанығу деңгейін, орташа артериялық қысымды, тері рН-ын, тіпті қан ауруларын болжай алады әрі аурудың барлық түрін анықтайды.

Дәрігерлер Санкт-Петербург ғалымдарының бұл өнертабысын құптайды.

– Науқасты қашықтан үздіксіз бақылау мүмкіндігі емдеу режимін оңтайландыруға, асқынуларды дер кезінде анықтауға, терапияның әсерін бақылауға және денеге түсетін ауырлыққа төзуге мүмкіндік береді. Медицинаның болашағы жасанды интеллект жүйелерінде де болады, олар үздіксіз бақылау жүргізеді және дәрігерге адамның ауруы туралы дереу хабарлайды, – деп түсіндірді кардиолог Анастасия Юсупова.

Зияткерлік киімдер, сонымен қатар, ұшқыштарды, жүк көліктерінің жүргізушілерін міндетті медициналық тексеруден өткізе алады. ЛЭТИ-дің жас ғалымдары қазірдің өзінде жаңа әзірлемелермен таңқалдыруға дайындалып жатыр.

 

Дайындаған Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *