9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады

Синоптиктер 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен қар жауады. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Елдің қалған бөлігі жауын-шашынсыз, ауқымды антициклонның ықпалында болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста төмен қарлы боран болжанды. Ал еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман басады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қалың қар жауады.