3D технологиясы бойынша алғаш рет мешіт тұрғызылды

3D технологиясы бойынша алғаш рет мешіт тұрғызылды
Сурет: Islam.kz

Сауд Арабиясының Жидда қаласында наурыз айының 6-ы күні тарихта алғаш рет 3D технологиясы бойынша тұрғызылған мешіт ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осылайша төртінші буынға жататын құрылыс технологиясы пайдаланылған мешіт құрылыс алты айда салынған. «әл-Жауһар» жобасы аясында бой көтерген әл-Әзіз Шәрбәт ғибадат ғимаратының жалпы аумағы 5600 шаршы метр.