Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді

Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді
Сурет: El.kz

Облыс аумағы 188 936,61 шаршы шақырымды құрады.

Қарағанды облыстық мәслихатындағы жиында жаңа Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 

Тиісті шешімге сәйкес, Ұлытау облысының аумағы 188 936,61 шаршы км құрады. Жаңа өңірге облыстық маңызы бар үш қала - Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев, сондай-ақ екі аудан - Жаңаарқа және Ұлытау кіреді.

Қарағанды облысына Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозёрск қалалары, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет сынды жеті аудан кіреді. Оның аумағы 239 046,35 шаршы шақырымды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құруды ұсынған болатын.