300 гектар аумаққа жайылған өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы тартылды

300 гектар аумаққа жайылған өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы тартылды
Сурет: видеодан алынды

Жамбыл облысында 300 гектар аумаққа жайылған өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде.

ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруде жан-жақты көмек көрсетуде.
Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.
Сөндіру жұмыстары басталғалы Казавиаорманкүзетінің авиациясы өрт ошақтарына әуеден 18 рет 27-ге жуық тонна су төкті. Қазавиаорманкүзеті авиациясымен қатар, өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы да жұмылдырылды.
Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.