21 миллионның жылқысы табылды

21 миллионның жылқысы табылды
Сурет: ашық дереккөз

Павлодарлық полицейлер жоғалған үйір жылқыны тапты, мал иелері бір апта бойы 45 жылқыны өз беттерімен іздеген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Pavlodarnews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Артынша шаруа қожалығының басшысы, Мерғалым ауылының тұрғыны облыстық ішкі істер департаментіне жүгінеді.

Жылқылардың жалпы құны 21 миллион теңгені құрайды.

Жедел іздестіру шаралары барысында бөлім бастығының бірінші орынбасары Нариман Омарханов пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Жұмажан Құнанбаев көрші облыспен шекарада жоғалған үйірді тапты. Барлық жылқылар иесіне қайтарылды.

«Малымды ұрлап кетті, табылмайды деп ойладым. Полицияға хабарласқанымда аз-маз үміт пайда болды. Полиция: «Уайымдама, жылқыларыңды табамыз» деді. Іздеуге атсалысқандардың барлығына үлкен рахмет», - деді мал иесі Әсет Боранбаев тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп.

Нариман Омархановтың айтуынша, іздестіру жұмыстары соңғы жайылымның маңында өтіп, қардан із кескен. Бір күннен кейін тәртіп сақшылары жоғалған үйірді тауып алды.