2024 жылы ШОБ-ты қолдауға 726 млрд теңге бөлінеді

2024 жылы ШОБ-ты қолдауға 726 млрд теңге бөлінеді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматы қаласының бюджеті айтарлықтай өсімді көрсетті.

Осы жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке түсімдер 4,9 трлн. құрады. Ал өсім 34,5%, оның ішінде республикалық бюджетке түскені 35,4% - ға және жергілікті бюджетке түскені 32% - ға көтерілген. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

«8 желтоқсанда Мәслихат Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекітті, ол Мемлекет басшысының қаланы орта мерзімді дамытудың негізгі бағыттары бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Алматының 2024 жылға арналған бюджеті 1 трлн 624 млрд. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 51,8% - ға немесе 553,4 млрд.теңгеге артық», - деп атап өтті ол. 

Бұл ретте, шағын бизнесті қаржыландыру 26% - ға, яғни 726 млрд. теңгеге дейін ұлғайта отырып, әлеуметтік бағдарлану сақталады. Бұл бюджет шығыстарының шамамен 45% - ын құрайды.