20-дан астам елдің дін өкілдері елордада бас қосады

20-дан астам елдің дін өкілдері елордада бас қосады
Сурет: wikipedia

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXI отырысы өтеді.

Аталған шара Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 11 қазанда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXI отырысы өтеді.

"Съезд  жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм, бахаи, сондай-ақ әлемнің 20-дан астам елінен келген халықаралық және діни ұйымдар өкілдерінің әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары қатысады деп күтілуде", – деді Айбек Смадияров министрліктегі брифингте.