Жылына 120 мың көлік шығармақ

Өскеменде шығарылатын автокөлік­тер Ресейдің Сібір аймағында сатылмақ. Сонымен қатар, ол жақта қызмет көрсету орталықтары да жұмыс істейтін болады. Қазір Барнаул қаласында қазақстандық кәсіпкерлерге арналған сауда үйін салуға жер телімі қарастырылып жатыр. Өскеменде еліміздегі ірі инвестициялық жобаның бірі жылына 120 мың көлік шығаруға қауқарлы зауыт құрылысы бас­талды. Ендігі кезекте құрасты­рылған автокөлікті сату нарығын ұлғайту жоспарланған. Бұл мақ­сатта Ресейдің Сібір аймағын­дағы бірнеше қалада арнайы сауда орталықтарын ашуға байланысты келіссөздер жүргізілді.

 

Рамзан Қадыров сынға алды

Шешенстан президенті Рамзан Кадыров уаххабидтердің улы уағызын тыңдауға мүмкіндік беріп, жастарды теріс тәрбиеге итермелейтін интернетті сынға алды.

– Республикада интернеттің іске қосылуын армандаған кезім болған. Ал, қазір оны алып тастағанын қалаймын. Әр үйде интернет бар. Кез келген адам уаххабиттің уағызына елтіп кетуі әбден мүмкін. Өз ұлым да қандай да бір теріс насихаттың ықпалына түсе ме деп қауіптенемін, – дейді Рамзан Кадыров.

Р.Қадыровтың айтуынша, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан интернет қажет, алайда, оның теріс жағы­ның ықпалы зор болып отыр.

 

1 тонна болатын асқабақ

АҚШ-тың дәстүрлі Хэллоуин мерекесі қарсаңында Джон Хоклей мен Патти Хоклей салмағы 1 тонна болатын алып асқабақ өсірді. Осылайша олар асқабақ өлшеуден өтетін дәстүрлі чемпионатта бірінші орынға ие болды. Ең үлкен асқабақты анықтайтын сайыс осымен 41-рет өтіп отыр. Асқабақты өсіріп-баптаған бағбанға 14 мың долларға жуық ақшалай сыйақы табысталды.

 

Қажылық – балаларға ауыр тиеді

Сауд Арабиясының билігі қажылыққа 10 жасқа дейінгі балаларды әкелуге тыйым салу мәселесін қарастыруда. Бұған қажылық маусымындағы аптап ыстық пен қажылық рәсімдерін орындауда балаларға қиыншылықтар туындайтыны себеп болып отыр. Қажылық министрлігі ата-аналарға өздерімен бірге балаларын алып келмеулерін өтінуде. Себебі, балалардың күннің ыстығына ұрынып қалуы немесе инфекция жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін дейді шенеуніктер. Биылғы қажылық қазан айына сәйкес келді. Алайда, келесі жылдары бұл уақыт жаз маусымына қарай жылжи­тынын ескерсек, қажылық рәсім­дерін өтеу уақытында балаларға қиыншылықтар туады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *