Жыл басынан бері 211 959 әкімшілік заңбұзушылық анықталды

Айнабай МӘДИ

Жыл басталғаннан бері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 204-бабына сай, рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны үшін 5 456 тұлғаға қатысты 8 972 620 теңге көлемінде әкімшілік өндіріс қозғалды. Жергілікті полиция дерегінше, құқықбұзушылық қалалық базарлар маңы мен көпшілік пайдаланатын орындарда анықталуда.

Алмалы ауданының учаскелік инспекторлары «Тастақ» базары маңында заңсыз сауданы жою, оған жол бермеуге бағытталған кезекті рейд өткізді. Рейдтік шара барысында заң бұзған 20-дан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды. Шаһарымызда осындай жауапкершілікке тартылғандар саны 80-ге жетіп отыр.

Бұрын сатушыларға бірнеше рет ауызша ескерту жасалып, тауар иелеріне тиісті ұйғарым жазылғанымен, саудагерлердің бәрі бірдей бұдан лайықты қорытынды шығарған жоқ. Бұл тұста Брусиловский көшесінің өне бойында заңсыз ұйымдастырылған жабайы сауда туралы айтпаса болмайды.

– Көкөніс, жеміс, құрылыс материалын сататын азаматтар өз тауарымен көпшілік пайдаланатын орындарды, атап айтқанда, жиекжол мен жолдың бір бөлігін жауып тастаған. Осыдан жаяу жүргіншіге кедергі келіп, кептеліс туындап тұр. Қысқасы, базар маңындағы ахуал келеңсіз жағдайға ұшыратуда. Саудагерлер абаттандыру ережесін сақтамай, қаланың эстетикалық келбетіне елеулі нұқсан келтіруде, – деп мәлім етті Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

 

Керек дерек

Жыл басынан бері ұсақ құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік»  қағидатымен жергілікті полиция,  әкімшілік полиция  қызметі, полиция бөлімшесінің қызметкерлері 211 959 әкімшілік заңбұзушылықты  анықтады.

Салынған айыппұл көлемі 3  281 120 242 теңге.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *