UFC: Дамир Ысмағұлов қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді

UFC: Дамир Ысмағұлов қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді
Сурет: Inform.kz

Қазақ файтері Дамир Ысмағұлов АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында өткен UFC on ESPN 37 турнирінде грузиялық Гурам Кутателадзені (12-2) ұтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте Д.Ысмағұлов төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды нәтиже – 28:29, 29:28, 30:27.

Осылайша, орынборлық қазақ Д.Ысмағұлов кәсіби жолындағы 24-інші, ал UFC-тағы қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. Гурам Кутателадзе үшінші рет жеңіліс тапты. Бұдан бұрын Дамир UFC додасында аустралиялық Алекс Горджесті (7-1), испаниялық Хоэль Альваресті (19-3), бразилиялықтар Тьяго Мойзесті (15-6), Рафаэль Алвесті (20-10) жеңген болатын. Остиндегі басты жекпе-жек америкалықтар Келвин Каттар мен Джош Эмметт арасында өтті. Мұнда К.Каттар фаворит саналғанымен, күтпеген жерден Д.Эмметт қарсыласын қапы қалдырып кетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дамир Ысмағұловтың қарсыласымен көз арбасқанын жазған болатынбыз.