ЖАСТАРҒА БЕРЕРІ МОЛ РУХАНИ КЕШ

Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында жастар мәселесіне баса назар аударып, ағымдағы  жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл ретте Мемлекет бас­шы­­сының «Жастар мен отбасы инсти­тутын кешенді қолдау – мем­ле­­кет­тік саясаттың басымды­ғына айна­луы тиіс» деген сөзі серпін беріп, көптеген жастардың жүрек­теріне нық сенім ұялатты. Менің ойымша, Елбасы  ұсынған бағыт – жас­тар­дың қоғамдағы беделін арт­тырып, еліміздің әрі қарай да­муын шарық­тата түспек. Өйт­кені, ұлт болашағы бүгінгі жас­тардың қо­лын­да. Дүние жүзінде ғылым мен инновацияның шарық­тап тұрған кезде біздер білімді, еңбекқор, бел­сенді болуға дағдыла­нуымыз қажет.

Міне, нақ осы бағытты Қазақ—Америка университеті айқын ұста­нады. Білім ордасы жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, есімі елімізге белгілі таланттарды әр­дайым қолдап келеді. Осы университеттің қол­дауымен биылғы 24 ақпанда Республика сарайында ҚР Пре­зиденті грантының, «Дарын» мемле­кеттік Жастар сыйлығы­ның және Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лықтарының иегері, көрнекті ақын Маралтай Райым­бек­ұлының 50 жылдық мерей­тойына арналған үлкен жыр кеші өтпек. «Мәңгілік ел — шежі­ресі даламның»  деп ата­латын бұл әдеби-музыкалық кеште көрнекті ақын Маралтай Райым­бекұлы жырдан шашу шашып, шараға келген сту­денттер ақынның жалын­­ды жырларын жатқа оқиды деп күтілуде. Өз кезе­гінде өнер майталмандары мен эстрада жұлдыздары Маралтай ақын­ның өлеңіне өрілген әндерді орын­дайтын болады. Әрине, мұндай жиындар жас­тарды қанаттанды­рып қана қоймай, игі істерге де жетелейтіні рас. Әрі сахнаға шығып өлең оқыған студенттер шы­ғар­машылық тұрғыдан шың­дала түседі.

Бүкіл саналы ғұмырын шы­ғар­машылыққа арнап, қазақ әдебие­тінің дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан Маралтай Райымбек­ұлының әр жылдары жарық көрген «Ай», «Кентавр», «Тарпаң», «Қаратау ғазалдары», «Нұрлы жол – Мәңгілік Ел» секілді жыр кітаптары оқыр­ман­дардың ыстық ықыласына бөленген. Елбасының Тәуелсіздік жолындағы ерен еңбегі жан-жақты баяндалған «Көшбасшы» атты поэ­масы — Марал­тай Ра­йым­бекұлының әдебиет сала­сын­дағы сүбелі еңбектерінің бірі. Аталмыш поэма республика­мыздағы барша Н.Назар­баев атындағы мек­теп­тердің оқу­лық­тарында жеке тақырып ретінде білім кестесіне енгізілген. Қазақ­стан Жазу­шылары одағы, Қа­зақ­стан Ұлттық арнасы сын­ды іргелі меке­мелерде жауапты қызметтерде бол­ған Маралтай Райым­бекұлы бүгінде ҚР Ұлт­тық мемлекеттік кітап пала­тасы дирек­торының орынбасары қызметін атқарады.

Ақынның өлшеусіз еңбектері студент-жастарға үлгі болары анық. Осы ретте биылғы Жастар жылы аясында Қазақ—Америка университеті талай игі іс-шара­ларды атқаруды жоспарлап отыр. Еліміздің болашағы – студент­тердің білім көкжиегін кеңейтетін келелі жиындарды жиі ұйымдас­тыру, дарын иелерімен жүздесулер өткізу жоспарлануда. Мұндай іс-шаралар шығарма­шылық потен­циалы мол, білімді, жан-жақты кадрларды даярлау­ға септігін тигі­зеді. Ал біздің басты мақсатымыз – дамыған 30 елдің қатарына ену және осы «Мәңгілік елдің» тұтқа­сын берік ұстайтын жастарды тәрбиелеу.

Ж.ҚАЛЫБЕКОВА,

ҚазБСҚА Жалпы білім беретін пәндер факультеті  деканының орынбасары.

 

Күй атасының рухы асқақтады

№184 жалпы білім беретін мекте­бінде күй атасы Құрманғазы Сағырбай­ұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Күйшінің көңіл күмбірі» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешінің басты мақсаты – оқушыларымызға Құрманғазы Сағыр­бай­ұлының өмірі мен шығарма­шы­лығы жайлы білім беру. Күй тыңдау және ән айту бары­сында жас ұрпақтың музыка тілін сезіне білуге, есте сақтау мен орындау қабілеттерін жетілдіруге үйрету. Құрман­ғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей оты­рып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Құрманғазы Сағырбайұлының рухты шығармаларымен таныстыру, ұлтымыздың асыл мұраларын жас ұрпақтың санасына сіңіру, дәстүрлі күй өнерін дәріптеу, Құр­манғазының қазақ музыкасына қос­қан үлесін кейінгі ұрпаққа аманат­тау. Кездесу кешіміздің қадірлі қонағы болған – атадан мирас болып келе жатқан күй өнерінің атасы Құр­ман­ғазы оркестрінің күйшісі, домбырашы Батыр­жан Мықты­баевпен кездесу өтті. Кездесуде мың бұралып билеген биші қыздарымыз бен өнерпаз ұлдарымыз өз өнерлерін көрсетіп, келген қонағы­мызды өнерлерімен тәнті етті.

«Күйшінің көңіл күмбірі» атты кезде­су кеші оқушы­ларымыз рухани азық алардай өте әсерлі әрі мазмұнды, есте қаларлықтай өте жоғары деңгейде өтті.

 

С.ЕРМЕКБАЕВА,

№184 жалпы білім беретін

мектептің кітапхана меңгерушісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *