Жанболаттың жаңа жобасы

Ол журналистикадағы науқандық тақырыптарға жолаған емес. Мақсатты түрде жұмыс істеген, қазаққа керек дүниелерді ғана жазған адам. Оның кейіпкерлері – жұмбақ, жанкешті, қызық, қиын тағдырлы, тұлғалы, қарапайым жандар. Біз ұмытқан, білмейтін қазақтарды тауып, жал­ғанның жарығына шығарып жүретін де Жәкең.  Жазғандары әңгімедей оқылатын, баспасөздегі тұтас бір буын өзіне ұстаз санайтын қаламгер бүгінде осы өнердің биігіне көтерілді.

Ертеректе өз ішімізден өзімізге теңеу таба алмай  «қазақтың Агроновичі, Песковы» деп сөйлеуге құмар едік қой. Бүгінде оны «Алаштың Аупбаевы» десек, қанеки!

Дегендейін, Алашқа аты мәшһүр қаламгер Жанболат Аупбаевтың қолынан шыққан туындыларды оқырманның қай кезде де асыға күтері сөзсіз. Айтпағымыз, таяуда «Алматы ақшамында» Жәкеңнің «Сағындырған саңлақтар» атты жаңа жобасы, жарияланымдар шоғыры жарық көре бастайды.

Ойлы да озық оқырман! Көзден кетсе де көңілден кетпейтін біртуар, тұлғалы адамдар, қиын да қызық тағдырлар туралы (С.Санбаев, Т.Сегіз­баев, т.б.) жарияланымдарды оқығыңыз келсе, «Ақшамнан» көз жазбаңыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *