«ӨЗ ҮЙІМ – ӨЛЕҢ ТӨСЕГІМ»

Алматыда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көпбалалы аналар пәтер кілттерін алды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкі басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін тапсырды.

 Салтанатты рәсім барысында Бауыржан Байбек соңғы 3 жыл ішінде тұрғын үйге зәру 9 мыңнан астам отбасылардың пәтерлі бол­ғанын, оның ішіне «Нұрлы жер» бағдарламасының енетінін атап өтті. Олардың тең жартысы – көпбалалы және толық емес отба­сылар, жетім балалар, ардагерлер, ерекше күтімді қажет ететін жандар және басқалары. Жақын арада тағы 2 мыңға жуық алма­тылық отбасы көптен күткен пәтерлерін алатын болады.

«Елбасы тапсырмасымен біз көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсетіп келеміз. Екі апта бұрын ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қа­тыс­­уымен алғашқы Аналарды қолдау орталығы ашылып, 1000-ға жуық отбасы кеңес алды. 400-ден астам бүлдіршін балабақшаға тегін баруда. Үздік оқулары үшін 3 мың­нан астам оқушы мен студенттер жергілікті бюджет есебінен наурыз айынан бастап стипендия алуда. Жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту жүргізілу­де», – деді Бауыржан Байбек.

«Бақытты отбасы» бағдарла­масына қатысу үшін берілген өтініш бір ай ішінде онлайн-режимде http://www.baqytty-otbasy.kz порталында қабылдан­ды. Бұдан соң қала әкімдігі құжаттарды тексеріп, жеңілде­тілген несиеге үміткерлердің тізімін бекітіп, ТҮЖҚБ жіберді.

Өтініштер сараптамасы «Ба­қытты отбасы» бағдарла­масына қатысушылардың басым бөлігінің 2016–2018 жылдары пәтер кезе­гіне тұрғандығын және кезекте 6–10 мыңыншы екенін, олардың пәтерді кем дегенде 5-6 жылдан соң ғана алатынын көрсетті. Ал қалалық бағдарлама оларға жаңа пәтерді бүгін алуға мүмкіндік берді. Алматыда үй кезегіндегі 1276 көпбалалы отбасының тең жартысынан көбі жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына өтініш берді.

Қазіргі кезде 195 көпбалалы отбасы банкте пәтер құжаттарын рәсімдеуде, 44 отбасы сатып алу келісімін жасап, тұрғын үй сер­тификаттарын алды.

«Қазіргі кезде «Тұрғынүй­құрылысжинақ» банкі 345 отба­сы­дан несие өтінішін қабылдады, олардың ішінде 195 отбасы пәтер­лерді тапты, енді заем рәсімдеуге дайындалуда. Бүгінгі күні 12 көп­балалы отбасыға жалпы сомасы 163 млн. теңге болатын несие берілді, біз оларды құттық­таймыз. Заемды олар еліміздегі ең төменгі 2% мөлшерлемемен алды, алғашқы жарна көлемі 10%. Ал­ғашқы жарнаны төлей алмаған­дарға Алматы әкімдігі көмектесті, бір миллион теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттарын берді», – деп түсіндірді Жанар Жұбаниязова.

«Бақытты отбасы» бағдарла­масы бойынша жеңіл­детілген несие жаңа үйді сатып алуға беріледі. Заемның жалпы сомасы 15 млн. теңге. Алматы тұрғыны Анар Асанбекова екі бөлмелі пәтерді 13,5 млн. теңгеге сатып алды. Олар 5 баласымен жақын күндері көшетін болады.

«Бұған дейін біз қала маңында жалдамалы пәтерде тұрдық. «Бақытты отбасы» бағдарламасын білген соң құжаттарды жинап, өтініш бердік, пәтерді таңдадық, енді көшуге дайындалудамыз. Қуанышымызда шек жоқ, Алма­тыда үй сатып аламыз деген ойы­мызда болған емес, өйткені, қалта­мыз көтермейтін еді», – деп қуа­ны­шымен бөлісті Анар Асан­бекова.

Елбасы «Nur Otan» партия­сының XVІІІ съезінде көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп, пә­тер алу жолын жеңілдету бойын­ша тапсырма берген еді. Алматы – жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, көпбалалы отбасы­лар үшін «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасын қолға алған алғашқы қала. Осынау өміршең бағдарлама арқасында енді жүздеген алматылық отбасы өзгенің жалдамалы пәтерінен өзінің жеке үйлеріне көше алады.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *