UCI САРАПШЫСЫ: АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕЛОТУР ӨТКIЗУГЕ ДАЙЫН

«Тур Алматы» веложарысына қатысушылар үшiн жол өте қолайлы және қауiпсiз. Алматыда веложарыс өткiзу жөнiндегi UCI консультанты Джек Ватсон осылай дедi.

– Халықаралық деңгейдегi мұндай жарыстарды өткiзуге дайындалу үшiн 8 айға жуық уақыт қажет. Ал «Тур Алматыға» дайындық жұмыстары өте қысқа мерзiмде аяқталып отыр. Сондықтан мен жарысқа дайындықтың барынша жоғары деңгейде өтетiндiгiне сенiмдiмiн. Мен ұйымдастырушылардың бойынан үлкен энтузиазмдi байқадым. Қала «Тур Алматыны» өткiзуге сақадай-сай тұр. Мен таңертеңгiсiн жолдарды көрiп шығып, өте сапалы және веложарыс өткiзуге толық дайын екенiне көз жеткiздiм. Сонымен бiрге, велотур қатысушылары үшiн қауiпсiз, – дедi Джек Ватсон

Айта кетейiк, Алматыда 1, 2-санаттағы жарыстар тұңғыш рет өткелi отыр. Сондай-ақ, «Еurosport» халықаралық спорт арнасы арқылы тiкелей көрсетiлiм жүргiзiлмек. Сарапшының ойынша, «Тур Алматыны» әлемнiң миллиондаған көрермендерi тамашалау арқылы Алматы әлемге таныла түсiп, нәтижесiнде, бұл туризмнiң дамуына үлкен ықпал жасамақ.

Ал, көрермендер үшiн велотурдың басталар жерi мен мәре тұсында және «Нұрлы Тау» кешенiнде арнайы орындар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, велотур өтетiн жолдардың бойында да тамашалауға болады.

Сонымен, 6 қазанда Алматыда өтетiн алғашқы кәсiби велотурға қатысатын әлемдiк деңгейдегi 20 команданың тiзiмi мынадай:

 1.2

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *