Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы

қазақ поэзия­сының ірі өкілдерінің бірі Мағжан Жұмабайдың 125 жылдық мерей­тойына орай еске алу кеші өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы, қазақ поэзия­сының ірі өкілдерінің бірі Мағжан Жұмабайдың 125 жылдық мерей­тойына орай еске алу кеші өтті. Анкара қаласында жүзеге асқан шараны Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Түркі мәдениетін дамыту ұйымы, Түркиядағы Әлем жазу­шылары мен зиялылары қауым­дастығы (DUNYADER) және Әлем сөз академиясы (DUSA) ұйымдастырды.

Мәдени іс-шараға елші Абзал Сапарбекұлы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңе­сінің төрағасы Мұса Йылдыз, Түркі мәдениетін дамыту ұйы­мының төраға орынбасары Фырат Пурташ, DUNYADER төрағасы Осман Баш, DUSA төрағасы Хайреттин Ивгин және Әзер­байжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан, Молдова (Гагаузия) елдерінен келген зиялы қауым өкілдері мен әдебиет­танушы ғалымдар қатысты.

Қазақстан елшісі өз сөзінде Мағжан Жұмабаевтың қайрат­керлігі мен күрескерлігі, ойшыл­дық қасиеті мен шығармашылық жолы туралы егжей-тегжейлі баяндап, қазақ-түрік қарым-қатынастарының дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.

– Қанша уақыт өтсе де бедел-парасатымен биік тұратын, тек қазақ топырағында ғана емес, бүкіл түркі әлеміне танылған аса қадірлі ақынымыз, Алаш қозға­лысының қайраткері Мағжан Жұмабай да тарихи тұлғалары­мыздың бірі. Ақынның түркі бірлігін ту еткен туындыларын Түркия халқы да жатқа біледі. «Түркістан», «Алыстағы бауы­рыма», «Жер жүзінде», «Пайғам­бар» сынды өлең-поэмалары атажұртын Анадолымен тығыз байланыстырды. Мағжан Жұма­байдың 125 жылдығы аясында өз елімізде ғана емес, түркі әлемінде танылуына тер төгіп жүрген Ахмет Бижан Ержиласун, Ферхат Тамир, Әли Акбаш, Фейзулах Будакқа сынды түрік зиялыларға және ақынға тастұғыр орнатып,  айрықша көңіл бөліп отырған Түркия мемлекетіне, Кечиөрен муниципалитетінің мэріне қазақ халқының және еліміздің атынан ризашылығымды білдіремін, – деді Абзал Сапарбекұлы.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *