СТУДЕНТТЕР ОЛИМПИАДАСЫ

Ресейдің Красноярск қаласында ХХІХ Қысқы Универсиада ойындары басталды

2 наурыз күні Сібір өлкесінің орталығы Красноярск қаласында жалауы көтерілген Қысқы Универсиада ТМД елдерінде екінші рет өтіп отырған әлемдік дода. 

ТМД аумағында алғашқы Қысқы Универсиада Алматыда өткені белгілі. ХХVІІІ ойындары 2017 жылы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған сол қысқы ойындар халықаралық қауымдастықтан өз бағасын алып, кезекті Универсиаданы өткізуді Ресей Федерациясы жеңіп алған болатын. Универсиада өткізуде Ресейдің бәсекелесі Швейцария болған.

Нұрлан СҮЙІН

Бүкіләлемдік ХХІХ Қысқы Универ­сиада ойындары Ресейдің Красноярск қаласында 2–12 наурыз күндері өтеді. Қысқы Әлемдік студенттер ойындарына 58 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысуда. Универсиадада қысқы спорт­тың 11 түрінен 76 медаль жиынтығы ойнатылады.

 

Жүлде басы Жанбота

ХХІХ қысқы Универсиадада Қазақ­стан құрамасы спорттың 9 түрінен өнер көрсетеді. Ел намысын 95 спортшы қорғауда.

Екінші наурыз күні Қысқы ойын­дардың ашылу салтанаты өтіп, сайыстар басталып та кетті. Шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы алғаш­қы кездесуін Латвия хоккейшілерімен өткізіп, 10:1 есебімен ойсырата жеңді. Ал допты хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді.

Универсиада ойындарында Қазақ­стан құрамасы қоржынына алғашқы жүлдені салған «акробат-шаңғышы» қызымыз Жанбота Алдабергенова. Фристайлдан өткен сайыстардың финалына біздің екі қаракөзіміз Аяна Жандос пен Жанбота Алдабергенова шыққан болатын.

Алғашқы финалдық секіруден соң үздік алтылық медаль үшін күресетін суперфиналға шықты. Арасында қазақстандық екі қыз бар.

Тартысты өткен шаңғы акроба­тикасы сайысында Жанбота тамаша өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орыннан көрінді. Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Аяна Жолдас — төртінші. Жанбота әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың 4-курс студенті.

Жанбота қыз әперген алғашқы жүлде құтты болсын!

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *