487 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік көмек алды

487 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік көмек алды Сурет: Tirshilik-tynysy.kz

Мұндай көмекті 94 мыңнан астам отбасының мүшелері алған.


Қазақстан Үкіметі жыл басынан бері 487,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын хабарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың айтуынша, ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 87,1 млрд теңге бөлінді.



«АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



2022 жылғы 1 наурызда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 114 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.


Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында ТЖ режимінің қолданылуына байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың I тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушылар үшін Электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды.


Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14