ШЫҒЫС СӘУЕГЕЙЛІГІ

Жігіттер мен қыздардың туған айына байланысты жорамалдар

  1. Қаңтарда туған:

жігіттер – өте сенгіш, аңқау ке­ле­ді.  Қа­талдығы да қосқабат жүреді. Бұл мінез оларды қай­ғы­ға да ұшы­ратуы мүм­кін. Жас­тық шағы сәтсіз­дік­пен бас­тал­ғанымен қайрат­керлік қасиеті кейін ісін оңға бас­ты­рады. Жа­­сы ұлғая келе салауатты қа­рия, салмақты күйеу  дәре­же­сіне же­те­ді.

қыздар – өмірдегі кейбір сәтсіз­дік­­теріне қарамастан өз ғұмырын жай­­­ба­рақат тірлікке құрады. Ол өзі сүйіп қо­сылған еріне жан-тәнімен берілген, үй шаруасына бейім, қа­зан-ошаққа епті, шаңырағын шайқалт­пайтын, ұстамды жан болады.

  1. Ақпанда туған:

жігіттер – денсаулығы, не­гізінен күш­ті болады. Қыздарға құмар, әсі­ре­­қызылға әуес, яғни көрсе­қы­зар­лығы ба­сым. Сон­дықтан махаббат пен достыққа тұрақты емес, тай­ғанақтау ке­леді.

қыздар – табиғатынан керемет кө­рікті, сұлу болып жаратылмаға­ны­мен, өте көңілді. Еріне еркін еркелей бі­летін қылығымен әрі жақсы жа­расымды киі­нуімен сүйкімді.  Кү­тінуді, бойын таза ұс­тауды ұна­та­ды. Жастық шағы көңіл­сіздеу, бақытсыздау өтеді де, кейбі­реу­лері екі рет ерге шы­ғуға мәжбүр болады. Баласы көп болуы мүмкін.

  1. Наурызда туғандар:

жігіттер – сырдың суы сира­ғы­нан тобы­ғынан кел­мейтін жай­барақат, салқынқанды. Өз ден­сау­­лығына байланысты нәрсе­лерді жақсы ажырата біледі, әрі спорт­ты сүйе­ді. 25 жасқа дейін өте сақ жүруі керек. Өйткені, сәт­сіз­дік пен ба­қыт­­сыз­дыққа өз дос­­тары ұшы­ратуы мүмкін.

қыздар – әр нәрсеге қызық­қыш, құ­марпаз келеді де, алғашқы некесін бақыт­сыздықпен аяқтауы мүмкін. Мұндай қыздарға тек  ба­тыл, тек тәуекелшіл жі­гіттер ғана үйлене алады.

  1. Сәуірде туған:

жігіттер – өте ақшақұмар, дү­ние тап­қыш, жоқтан барды құрай алатын әк­кілікке бейім. Алпыстан асқан соң ғана сабасына түсіп, тәу­­­бесіне келеді.

қыздар – ақыл тоқтатқан жі­гіт­терді ұнатады. Зе­­рек, жады мық­ты. Бірақ денсаулығы нашар­лау, жиі ауырады. Өзінен үлкен адамға тұрмысқа шығады. Қар­тайғанда ашушаң, көп нәрсені жақтыра бер­мейтін, тырысқақ кемпір болады.

  1. Мамырда туған:

жігіттер – сері де, сергек. Бұл айда туған жігіттер махаббат пен дос­тыққа тұрақты, жақсы жар бо­ла алады.

қыздар – ажарлы, ақылды. Киімқұмар келеді. Күйеуін адал сүйеді. Де­генмен, алғашқы та­нысқан ада­мына сөзшеңдігімен жағымсыз  әсер қал­ды­рады. Оған құрбылары үйір, әрі елік­тегіш болады. Бірақ олар мұны қолай­сыз жағдайға соқтыруы мүмкін.

  1. Маусымда туған:

жігіттер – ол өмір бойы бір қызды сүйеді. Сол сүйген қызы кереметтей сұ­лу болмаса да  тойымсыз ғашық көз­­бен қарап, хор қызына балаумен өте­ді. Ұрпақ қалдыру жағынан қина­лады. Өте табыскер болғанымен, ақ­ша жұм­сауға келгенде берекесіздеу ке­леді. Ол сенімді достарды жіті таң­дап, тал­ғап ала білуі керек. Егер ол қай нәрсені де болсын кеңінен ой­лап, са­рапқа са­лып істемесе, өз кем­шілігі орны толмас қа­сіретке байлап беруі мүмкін.

қыздар – өте сезімтал. Жыл­дам дос­тасқыш. Сөз айтқан жігіт­терді ке­леңсіз мінезімен тез ай­нытып жібе­ре­ді. Кейде ашушаң. Жеңілтектеу. Егер ашу­ландырмай, ығына жығылып, кү­йе­уі­нің айтқа­нына көніп отырса, жас тоқ­тата келе, одан байсалды, мейі­рім­ді бәйбіше шығады.

  1. Шілдеде туған:

жігіттер – бір қызығы, осы айда ту­­ған жігіттер өзін алдап кеткен қыз­дар­ды өлердей сүйеді. Оның алда­ға­нын кешіре алады. Оның ал­дағы тағды­ры­на кең­пейілділігі, байсалды мінезі көп пай­дасын тигізеді. Әл-ауқатты тұрмыс ке­шеді. Махаббат пен достыққа тия­нақты.

қыздар – тегінде олар махаб­бат­шыл келеді. Әсем киініп, жігіт­тердің орта­сында жарқырап жү­руді ұна­та­ды. Он­ың бұл мінезі күйеуінде қыз­ғаныш се­зі­мін оя­тады. Күйеуіне сү­йікті бол­ғаны­мен, балаларынан жылы­лық таба алмайды.

  1. Тамызда туған:

жігіттер – сүйгеніне деген жа­­лын­­даған  махаббаттың сәтті қайы­рымы болмайды. Олар кімді бол­масын өз дегеніне күштеп көн­діру арқылы бе­дел жинап алуы мүмкін.

қыздар – өте байсалды, қайы­рым­­ды мінезімен көп көңілінен шы­ғады. Ес­керер жай – күйеуді сақтық­пен талғай білуі керек. Олар сырт көз­ге  әдемі, әсер­шіл кө­рінгенімен, алданғыш ке­леді.

  1. Қыркүйекте туған:

жігіттер – талантты, табиғат­ты, өн­ерді сүйеді. Тез ашуланып, тез басы­лады. Шындықты бетке айтатын ту­ра­­шыл. Осы мінезі дос та, жау да та­уып бе­реді. Серілеу, талғампаз әрі кірпияз.

қыздар – алғашқы махаб­батына көңілі толмайды. Жарын ынта-ықы­ласымен сыйлап, құр­метті, салдарлы әйел болуға ты­рысады.

  1. Қазанда туған:

жігіттер – жеңілтектеу ке­ле­ді. Әйе­лімен баянды өмір сүре ал­майды. Шыдап бірге тұрған­ның өз­інде өз­геге көз салғыш. Ке­мін­де екі-үш ба­ласы болады.

қыздар – махаббатқа тұрақ­ты, жарына адал. Балалары да ден­саулығы мықты, әдемі болып өседі. Тұңғышы көбіне ұл бала болады.

  1. Қарашада туған:

жігіттер – бұл айда туған жі­гіт­терге, әсіресе қыздардың көп се­не беруіне болмас, себебі олар уә­де­шіл. Жастық желігі  тараған соң, ауруға шал­дықпаса, жұрт қа­тарлы можан­то­пай күн ке­шеді. Өмірінің аяғында жалғыз  қалуы мүмкін.

қыздар – әр нәрсеге елікте­гіш, құ­мар келеді. Ес тоқтата ке­ле бір­тоға мінезі қалып­та­са­ды. Көрікті бола бермейді.  Өз отбасына адал әйел болады.

  1. Желтоқсанда туған:

жігіттер – мінезі жақсы, адал. Одан пысық, епті әрі мықты кү­йеу шығады.

қыздар – көрікті, жұртты өзі­­не тартқыш, ашық мінезді. Ұнат­қан адамымен тіл табыса біледі.

 

Ескерту: бұл айтыл­ған­дар­дың бә­рі жорамал, болжам ғана. Өз ғұмырын мазмұнды ету үшін ең бастысы – адалдықты, әділ­дікті, ұстамдылықты, қайырым­ды­лықты ту етіп ұстай біл! Жігерлі бол!

 

БаспасӨз материалдары бойынша.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close