Шерхан МҰРТАЗА: Ғылым… шөп жеп, жем жеп, сүт бермейтін сиыр сияқты

Бүгін — қазақ көркем­сөз өнерінің үш биігі М.Әуе­зов, Ш.Мұртаза, О.Бөкеев­тің туған күні.

Ұлы Әуезов салған сара соқпаққа, рухани мұратқа адал болған қос қалам­гердің де көзін көріп, тағылымын алған біз бақыттымыз әрине, әлі де сол бақыт­тың құша­ғындамыз. Орағаңның өмірінде күрт бетбұрыс жасаған, өзі өмірден озғанша ұстаз санаған, редакторлардың редак­торы болған Шерхан Мұртазаның шер шындықтары қай кезде де адастырмас Темірқазығымыздай жарқырап, бас­пасөздің бүгінгі, болашақ буыны үшін де бағыт-бағдар болмақшы. 

Өзің өлме, өзгені де өлтірме. Міне, шын демократия. Міне, шын адамгершілік, имандылық! Ал бұл қасиет, Құдайға шүкір, қазақта бар.

***

«Қырық жыл қырғын болса да қиыспайды туысқан» деген ғой. Нарық қанша нәһан болса да, ақылды басшы рухани дүниені аздырмас болар. Рухы азған ел – тозған ел. Ондай елді қарға-құзғын шоқып кетеді.

***

Академия көп, академиктер көп. Ғылым… шөп жеп, жем жеп, сүт бермейтін сиыр сияқты.

***

Қазір жоғарыдан төменге дейін, өрден ылдиға дейін жаппай ұрлық, қарлық. Ұлы ұрлық дәуірі.

Қайда барып оңамыз!

Жетім мен жесірдің ақысын жеме! – деді салтымыз.

Әсіресе, әлсіздерді, жетім мен жесірлерді жегіштер көбейді.

***

Газет жұмысы – бір жағынан жазушының досы. Ел көресің, жер көресің, сан түрлі адамдармен кездесесің. Шығармаға жем табылады.

Газет – бір жағынан жазушының жауы. Ойыңда жүрген, көкірегіңді кернеген дүниені алаңсыз отырып жаза алмайсың. Ұдайы оттың ішінде жүресің. Түнде де тыным жоқ. Газет кеш шығады. «Халыққа бір тиын пайдасы жоқ, күнде бас қосқан жиын болады». Өл-тіріл, сондағы баянда­маны, бас­тықтардың көпірме сөздері таңертең газеттің бетінде болуы керек. Әйтпесе, басың кетеді. Сөйтіп жүріп мен бастап қойған повесімді аяқтай алмадым.

Ал Оралхан сол сапардан біраз жыл кейін «Құм мінезі» деген повесть жазды. Міне, жазу! Жазсаң – осылай жаз…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close