Шекарашыларға арналған кеш

1308Жетісу ауданының «Айнабұлақ-3» ықшамауданындағы саябақта елі­міз­дің бейбіт аспаны мен тыныштығы жолында көз ілмей еңбек етіп, ел тыныштығын күзетіп жүрген Шека­рашылар күні мерекесі кеңінен аталып өтті. Биылғы жылдың 18 тамызында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрыл­ғанына тура 22 жыл толып отыр.

Сондықтан ел іргесінің бүтіндігі жолында күні-түні еңбек етіп, өлшеусіз қызметімен Тәуелсіздігімізге өз үлестерін қосып түрген жандардың Отанға деген адалдығы бұл күні де ерекше аталып, оларға құрмет көрсетілді.

Салтанатты шара барысында 2468 әскери бөлімнің тәрбие ісі жөніндегі командирінің орынбасары, полков­ник Ерлан Нағманов құттықтау сөз сөйлеп, әріптестерінің қиын да жауапты жұмысына табыс тіледі. Жетісу ауданы әкімшілігі мен 2468 әскери бөлім қызметкері бірлесе өткізген мәдени шарада әскери әндер орындалып, өлеңдер оқылды.

Рая ЕСКЕНДІР

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *