Шәкәрімнің шөбересімен кездесті

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Президентіміз Н.Назарбаев өзінің  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін еліміздің  өткен тарихын, сол тарихты жасаған, еліміз бен жеріміз амандығы жолында, тәуелсіздігіміз үшін   күрескен тұлғаларды жастарға  танысты­рып, тарихтан тағылым жасауымыз қажет деген болатын.  Жуырда Түрксіб ауданында орналасқан  «Аяжан» медициналық коллед­жінің студенттері  «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы  аясында және  қуғын-сүргін құрбан­дарын еске алу күніне орай  «Шәкә­рім шыңы» атты ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа  Шәкәрім Құдайберді­ұлының шөбересі Бақытжан Жапарұлы Ғабдуллин қатысып, студенттерге өзінің Шәкәрім бабасы жайында   естіген  оқиғаларды баяндап, естеліктер айтып берді.  Студенттер сегіз қырлы, бір сырлы болған Шәкәрім бабалары туралы  естелік­тер мен   ақынның  поэзиясы, филосо­фия­сы, композиторлығы   жайында   заман­дас­тары жасаған баяндамалар мен сахналық қойылымдарды тамашалай отырып, Шәкәрім Құдайбердіұлының  өз қоға­мындағы озық тұлғалардың бірі болған­дығына көз жеткізді. Құдайбердіұлының   қуғын-сүргінге ұшырап, одан ақталғаны туралы тың деректермен  танысты.  Бақыт­жан ата  Жапарұлы айтқан әңгімелер де   жастардың  ұлт қайраткерлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.

Ашық сабақ барысында  студенттер ақынның  А.В.Затаевичтің «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты жинағына енген «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әнінің тарихы туралы жасалған баяндамаға,  1-курс студенті Д.Байспекова оқыған «Бай мен кедей» монологына, А.Әкімованың мың бұрала билеген  қазақ биін тамашалап,  замандастарының өнеріне ризашылықпен қол соқты. Сабақты «Аяжан» колледжінің директоры  Күлдарихан Қоржымбаева қоры­тындылап, осындай мазмұнды кеш ұйымдастырып, ақынның ұрпағымен жүздесуге мүмкіндік жасаған тарих пәні­нің мұғалімі, осы ашық сабақты өткізіп, жастарға өткен тарихтан мол тағылым таратқан Г.Нүсіпбековаға,  ашық сабақта белсенділік  көрсеткен студенттерге алғыс білдірді.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *