Сейсмология институты 1989 жылдан берi жөндеу көрмеген

Алматыда байқалған 3-4 баллдық жер сiлкiнiсiне орай Алматы қалалық әкiмдiгiнде арнайы жиын өттi.

Барлық қалалық қызметтер мен басқармалардың басшылары бас қосқан отырыста қаладағы сейсмикалық ахуал, сейсмологиялық институттың материалдық-техникалық жағдайы талқыланды.

Шаһар басшысы Үкiмет мүшелерiне мамандардың апат жайлы дер кезiнде хабарлай амаған себептерiн түсiндiрдi.

«Мен Сейсмология институтында болдым. Институт 1989 жылдан берi жөндеу көрмеген. Ондағы бақылау желiсi құралдарының бәрi тозған, жыл сайын мүмкiндiгi азайып барады. Интернет, жаңа технологиялар атымен жоқ. Еңбегi сiңген адамдар жұмыс iстейдi, бiрақ олардың жасы келген. Ал, жоғары еңбекақыға жататын басшыларының айлығы 55 мыңнан аспайды. Зiлзаланың эпицентрi болған жердегi құрылғы да iстен шығыпты. Сондықтан бұл жерде мамандарды кiнәлау орынсыз», – дедi шаһар басшысы Ахметжан Есiмов.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *