САЯБАҚҚА 50 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен осыдан он жыл бұрын Жасыл Ел еңбек жасағы құрылған болатын. Осы айтулы датаға орай Алмалы ауданы әкімі аппараты Әлия мен Мәншүк саябағында «Өз ағашыңды отырғыз» акциясын ұйымдастырды.
Қазан айының соңғы жұлдызында өткізілген игілікті іске аталған ауданның Жасыл Ел еңбек жасағы мен белсенді студент жастары қатысты. Шара барысында саябақ аумағына 50 түп ағаш отырғызылды. Айта кетейік, ағаш отырғызу акциясы көктем, күз айларында өткізіліп келеді. Шаһардың еркін тыныстауына 10 жылдан бері үлес қосып келе жатқан акция аясында қаламызда мыңдаған қылқан жапырақтылар егіліп, жанға сая, қалаға көрік беруде.