ӨРКЕНИЕТ КӨШІНЕ ДІН МЕН ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ ІЛЕСУ КЕРЕК

2274«Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты конференцияда әңгіме осы төңіректе өрбіді

2014 жылды Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялануына орай, еліміздің барлық өңірлерінде дініміз бен салт-дәстүрімізді ұлықтайтын іс шаралар өткізіліп келеді. Ал Маңғыстау өңірінде жыл басынан бері 3 республикалық конференция өткізілді.

Кезекті басқосуда Бас мүфти дін мен дәстүрді бір-бірінен бөле-жармау, дәстүріміздің озығын дәріптеу жайында баяндама жасады.

– Дәстүрді артта қалушылық дейтін түсініктен арылуымыз керек. Кез келген қоғам ұзақ уақыт жинақтаған тәжірибе­лерін келесі ұрпаққа ізгі дәс­түрінсіз жеткізе алмайтындығын еске ұстағандығымыз абзал. Егер халқымыздың сыннан өткен салт дәстүрі болмаса, біз ынты­мағы ұйыған ел болуымыз неғайбыл еді, ұлттық құндылық­тарымызсыз алға қадам басу мүмкін емес, – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Жиында өңірдегі Ш.Есенов атындағы университеттің аға оқытушысы Нияз Тобыш өз баяндамасында: «Халық дәстүрді қалыптастырады, қазақ елі рухани мұраға бай болғандықтан біз дін мен дәстүрден ажырамай келе жатырмыз», – деп атап өтті. Осындай тақырыптағы кон­ференциялар өңірдің өзге де қалаларында өтті. Оларға облыс және қала әкімдері де қатысты.

Бас мүфти конференцияға жиналған жұртшылық тара­пынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

 («Алматы ақшамына» арнайы келген ақпараттардан). 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *