ҚҰРБАН АЙТ КЕЗІНДЕ ОҚЫЛАТЫН СҮРЕЛЕР МЕН ДҰҒАЛАР

44Субхаанәка

«Субхаанәка Аллаахумә уә бихамдикә уә тәбәәрәкәсмукә уә Тағаалә жәддукә уә ләә иләәхә ғайрук».

Аудармасы:

«Ия Алла! Сені кемшілік сипат­тардан пәктаймын. Мақтауға лайық­сың. Сенің есімің Мүбарак, Дәрежең өте Жоғары. Сенен өзге құлшы­лыққа лайықты Тәңір жоқ».

Фатиха сүресі

Сүренің алдында «Ағузу биллаһи минаш шайтанир ражим, Бисмил­лаһи рахмани рахим» деген бастау сөз оқылу керек.

Аудармасы:

Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын, Рахман һәм Рахымды Алланың атымен бастай­мын.

Әлхәмду лиллаһи раббил-әлә­мин, ар-рахмани-р-рахим, мәлики йауми-д-дин, иякә нағбуду уа ияка нәстағин, иһдина-с-сирата-л-мустақим, сирата-л-ләзинә, әнғамта ғалейһим ғайрил-мағзуби, ғалейһим уа ла-з-заллин.

Аудармасы:

Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Бар­лық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән. Аса қамқор, ерекше мейрімді. Қиямет күнінің иесі: Иә Алла! Саған ғана құлшылық қыла­мыз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала гөр! Нығметіңе бөлендіргендеріңнің жолына, ашуға ұшырағандардың және адасқан­дардың жолына емес!

Ыхлас сүресі

Оның алдында «Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим» деп айтылу керек.

Құл һуа аллаһу аһад, аллаһу-с-самад, ләм йалид уа ләм йулад уа ләм йакун лаһу куфуан ахад.

Аудармасы:

Ол Алла біреу-ақ. Алла мұңсыз (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол ту­мады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес.

«Әт-тахият» дұғасы

Әт-тахияту лиллаһи уас-салауа­ату уа-таййбаат, әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллооһи уә бәрәкаатуһ, әс-сәламу ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуу­луһ.

Аудармасы:

Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың сали­қалы құлдарына болсын. Мен Алла­дан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *