«Партияның мәслихаттағы фракциясы – ел жаңғыруына өз үлесін қосуда»

Мұрат ӘДІЛХАНОВ, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі:

«Партияның мәслихаттағы фракциясы – ел жаңғыруына өз үлесін қосуда»

 

25 қарашада Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы  Нұрсұлтан Назарбаев партияның жергілікті филиалдардың өкілдерімен кездесу өткізіп, оған Парламент Мәжілісіндегі Фракциясының депутаттары мен мәслихаттардағы фракциялар жетекшілері шақырылған еді. Біз бүгін осы жиынға барып, қатысып келген «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі Мұрат Әділхановты сұхбатқа шақырып отырмыз.

Құрметті Мұрат Әділханұлы! «Nur Otan» партиясы жалпы қоғамға үлкен саяси күш ретінде танылса, оның фракциясы жұртшылықтың сөзін сөйлеп, мұң-мұқтажын жоқтайтын, халық пен биліктің бірлігін ұштастыратын буын ретінде қызмет жасап келе жатқанын көпшілік жақсы біледі. Осы орайда, елордада Партия төрағасы өткізген алқалы жиындағы болған әңгіме туралы оқырмандармен ой бөлісуіңізді сұраймыз?

– «Nur Otan» партиясының ең басты мақсаты – ұлт Тәуелсіздігінің тірегі болу, дамыған 30 елдің қатарынан табылуды көздеген мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық күш-қуатын еселеуге күш салу. Бүгінде Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігіменосы бағыттабірқатар нақты стратегиялық міндеттер белгіленіп, оларды жүзеге асырудың тиімді тетіктері белгіленді. Жұмыс жан-жақты, жүйелі жүргізіліп жатыр.

Осыған орай, партия Төрағасы соңғы екі айдың ішінде екі рет республикалық көлемде үлкен басқосу өткізді. Екі жиында да Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы  «Nur Оtаn» партиясының айрықша рөл атқаратынын атап өтіп, партия мен оның фракцияларының қызметін күшейтуге байланысты жаңа міндеттер жүктеді.

«Nur Otan» біздің қоғамымыздың алуан түрлілігін көрсетеді. Біз – ел болашағына жауапты бүкіл Қазақстан халқының партиясымыз, нақты істер партиясымыз.  Бізде Қазақстанның дамуына қатысты нақты ұстаным бар, тиісті стратегия мен жұмыс жоспарлары бекітілді, қажетті ресурстар қарастырылған, – деді Елбасысөйлеген сөзінде.

Партия Төрағасы партия мүшелерін, тұтас қоғамды Мемлекет басшысы алға қойған ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруда белсенділік танытуға және Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегінде топтасуға шақырды. Елбасының 100 нақты қадам – Ұлт жоспары» мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу» атты үш бағыттан тұратын бағдарламасымен сабақтас тапсырмаларды орындау партия филиалдары мен мәслихаттардағы фракциялардың жауапкершілігін арттыра түседі.

Ең алдымен, Елбасының аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламаларын жасаутапсырмасына сәйкес, «Nur Оtаn» партиясының АҚФ төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы–2050» ұзақмерзімді даму стратегиясының жобасын көпшілік талқысына ұсынғанын атай кеткім келеді. Алматының дамуының басты басымдықтарын қамтитын негізгі құжаттастратегиялық басымдық – ғаламдық «Ақылды қала» жасауға арналды. «Ақылды қала» дегеніміз – әлемдегі үздік смарт-тәжірибелерді қолданатын мегаполис. Қазіргі уақытта бұл құжат баспасөзде қызу талқыланып, белгілі сарапшылар мен мамандар, қарапайым тұрғындар жаһандық және өңірлік бәсекелестік, инфрақұрылым мен көлік, қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау мен экология, адами капиталды дамыту сияқты салалар бойынша пікірлерін білдіруде.

Алоның алдында, бізпартия қалалық фракциясының кеңейтілген отырысын өткізіп, осыған дейінгі жүзеге асырылып келген «Алматы–2020» бағдарламасының нәтижелерін талқыладық. Тақырып ауқымы кең, күрделі болғандықтан, фракция отырысына қалалық филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, әкімдік өкілдері мен салалық атқарушы органдар басшылары қатысты.

Халықтың үлкен қолдауына ие болған бұл құжат жеті  басымдықтан тұратынын білесіздер:

1) Жайлы қала;

2) Қауіпсіз қала;

3) Әлеуметтік-бағытталған қала;

4) Экономикалық тұрақты қала;

5) Бизнес пен жеке капиталға арналғанқала;

6) Интеграцияланған қала;

7) Белсенді азаматтарқаласы.

Өте маңызды бағыттар. Алматылықтардың өмір сүру сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ете отырып, ел экономикасының негізгі драйверлерінің бірі болып қала беруді көздейтін бағдарламаның орындалу барысы жан-жақты қаралды.

Ендеше, сол бағдарламаның негізгі бағыттарының қазіргі кезге дейінгі нәтижелері туралы оқырмандарға қысқаша айтып берсеңіз?

– Атап айтқанда, бағдарламаның «Мақсаттарға жету» бөлігінің 2016–2018 жылдары қаланы дамытудағы аралық бағалауы нәтижесінде Алматы қаласы әкімдігі тиісті 50 баллдан 48,5 балл жинап, жергілікті атқару органдарының арасында 1 орынға шықты. Бұл жәй ғана қатардағы жетістіктер емес, бұл алматылықтардың жайлы тұрмысының биік көрсеткіші! Уақыттың сұранысы осындай – қай салада болса да, жаңа талаптарға негізделген тың бағыттармен жүру, озық, өркениетті елдердің қатарында жаңаша өмір сүру.

Сондықтан партия үшін адам тағдыры әрқашан бірінші орында тұрады. Депутаттық фракция бюджеттік шығындардың 50 пайыздан астамын – әлеуметтік салаға жұмсалуын тұрақты назарда ұстап келеді. Соның нәтижесінде шаһарымызда жаңа мектептер, балабақшалар, мәдениет сарайлары, спорт алаңдары салынып, қарапайым адамдардың игілігі үшін қызмет етуде.

Кейінгі үш жылда 6 млн. шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Пәтер кезегінде тұрған 10 мыңнан астамадам баспаналы болды. 12 аурухана мен емхана, 11мектеп, 540-тан астам балабақша ашылды. «Аз қамтылған көпбалалы отбасына» арналған орталық, егде жастағылар үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы құрылды. Жастарды қолдаудың Жол картасы іске асырылуда. Алматының тарихи орталығы жаңарды. 3 жыл ішінде 1500 аула жаңғыртылды. Балаларға арналған ойын-демалыс және спорт алаңдары пайда болды. Мұндай әлеуметтік қолдау барша алматылықтарға тың күш-жігер беріп, жайлы өмір сүруіне, қоғам дамуы үшін алаңсыз еңбек етуге жұмылдырады деп ойлаймын.

Сарапшылар  2030 жылға қарай оңтүстік мегаполис тұрғындарының саны 5 миллионға жететінін болжап отыр. Осыған орай, фракция мүшелері қала басшысы ұсынған, қолданыстағы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылатын «Алматы–2050» жобасыныңтолыққанды қабылдануына барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.

Мұрат Әділханұлы, Елбасы өзінің бір сөзінде өңірлерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру барысында кемшіліктер де аз емес дегенін білеміз. Осындай олқы түсер тұстар Алматы қаласы бойынша байқалды ма?

–  «Алматы–2020» бағдарламасын жүзеге асыруғабайланысты айтарлықтай үлкен кемшіліктер байқалған жоқ. Тек, кейбір межеленген пункттердің сыртқы факторларға қатысты өз уақытынан кешіктіріліп орындалғанын айтуға болады. Мысалы, 2018 жылы  өткізілген 1500 іс-шараның 87-сібелгіленген мерзімде бітпегендіктен, 85-сі биылғы жылға ауыстырылған. Оның негізгі себебі – қажетті құжаттар әзірлеуде мекемелер арасындағы келісу процесінің тым ұзақтығы. Осыған байланысты жауаптысалалардың есептері қазан айындағы фракция отырысында тыңдалып, мәселелер қадағалауға алынды. Сынға іліккен жауапты тұлғалардың жұмыс нәтижесі Сайлауалды бағдарлама бағыттары бойынша құрылған комиссиялардың алдағы отырыстарында бірлесе тыңдалатын болады.

Фракция мен мемлекеттік органдар жұмысындағы бюрократияны жою және үйлестірудің күрделі процедураларынан арылу мәселесі Елбасының басты тапсырмасының бірі болып табылады. Осы тапсырманың орындалу барысы көңіліңізден шыға ма?

– Елбасы «Депутаттар – партияның діңгегі, белсенді электораттың негізі» дей отырып, фракция мүшелеріне азаматтар көтерген тиісті мәселелерді мемлекеттік органдардың қатысуымен нақты шешуде бюрократияға жол бермеуді қатаң тапсырды. Бұл ретте Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес құрамына  кіретін депутаттардың белсендірек әрекет етуі қажет екенін де ескертті.

Біздің фракция мүшелері өз тарапынан бұл тапсырманы бұлжытпай жүзеге асыруды қолдайды және тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен жүйелі кездесу өткізу арқылы халыққа жақын болудың жолдарын берік ұстанады. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтармен тікелей жүздесу, ашық пікірлесу қала тұрғындарын мазалайтын әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерді оңды шешуге мүмкіндік береді.

Қазір қарапайым адамдарды көп мазалайтын сауалдар не? «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын модернизациялау» бағыты бойынша партиялық комиссияға өтініштерді  саралап көрейік. Олар – ПИК-тердің жұмысы, аулаларды абаттандыру, жұмысқа орналасу, еңбекақыны уақытында төлемеу, коммуналдық және азық-түлік бағасының өсуін болдырмау.

Бұл бағытты «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың филиал қызметкерлерімен тұрақты түрде аппарат жиынын өткізіп, азаматтар ұсынған тақырыптарды ашық талқылаубастамасы баршаның қолдауына ие болды. Төрағаның мемлекеттік орган басшыларына бюрократтық кедергіні жойып, тұрғындардың талап-тілектерін жедел шешіп отыруды тапсыруы фракцияға да жаңа серпін берді. Кейбір шұғыл мәселелер азаматтардың тұрғылықты жерінде, депутаттар мен аудандық әкімшілік қызметкерлерінің қатысумен бірлесе шешілетін болды.

Бүгінде бюрократиялық кедергіні азайтудың ең оңайжолы – мемлекеттік мекемелердің қызметін цифрландыруды жеделдету. Бір сөзбен айтқанда, қызмет көрсетуші мен тұтынушы бір-бірімен кездеспеуі керек. Қазіргі уақытта жұртшылық көп нәрсені үйден шықпай-ақ интернет арқылы шешуді үйреніп келеді.

Дегенмен, компьютерді көп қолданбайтын топтар (ардагерлер, көпбалалы аналар мен басқа жақтан көшіп келген жұмыссыздар) әлі де «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдауынакеліп, депутаттармен жүзбе-жүз кездесуді қалайды. Кейде азаматтар өздерінің проблемаларын шешу үшін ғана емес, қаланы көркейту туралы жақсы идеяларымен де келетінін байқап жүрміз. Сол себепті, партияны қайта жаңғырту аясында қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейту, бұл істе жариялылықты арттыру – уақыт талабымен үндесіп отыр. Депутаттық фракция мүшелерінің қабылдау кестесі қалалық филиал сайтына орналастырылған.

Жыл басынан бері фракция мүшелерінің қатысуымен  209 қабылдау өткізіліп, 916  адамның өтініштері тыңдалды, жалпы алғанда, келіп түскен талап-тілектердің 41,5%-і, яғни 381-і оң шешілді. Қалғандары тиісті мекемелерде қаралу үстінде. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы Орталық аппаратқа жүйелі есеп беріледі.

Мұрат Әділханұлы, Елбасы «Nur Otan» партиясының кезекті XVІІІ съезінде: «Әрбір қазақстандық отбасы елімізде жүргізілген реформалардың нәтижесін алыс болашақта емес, нақ бүгінгі күні сезінуі тиіс» деген еді. Осы тұрғыда Алматыда фракцияның атқарып отырған қызметі туралы не айтар едіңіз?

– Біз жаңа ғасырда өмір сүріп отырмыз. Азаматтардың өркениет көшінен қалмай еңбек етіп, отбасын лайықты қамтамасыз үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Партия тапсыр­масын басты бағыт етіп алған Алматыдада қалалықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы кешенді түрде шешіліп жатқанына куәміз.

Мысалы, «Нұрлы жер» бағдарла­масы аясында соңғы үш жылда 9 мыңға жуық алматылық баспа­налы болса, оның басым бөлігі көпбалалы, толық емес отба­сылар, жетім балалар, ардагерлер мен мұқтаж адамдар. Жақында мыңнан аса отбасы тағы да баспаналы болады деп күтілуде. Қарапайым халықтың игілігі үшін жасалып жатқан бұл игілікті істерге аналардың алғысы шексіз.

Осы орайда, тұрмысы төмен отбасыларына мемлекетпен бірге қоғам да қолұшын созуы керек деп ойлаймын. Бүгінде Алматыда 14,5 мыңға жуық көпбалал отбасы бар, оның 5 мыңдайы аз қамтылғандар. Оларға қосымша жәрдем көрсету мақсатында фракция ұсынысымен «Бақытты отбасы – Алматы» қайырымдылық қоры құрылды. Өзім бастап 7 млн. теңге қаражат құйдым, басқа да депутат әріптестерім, кәсіпкерлер қолдауымен 135 млн. теңге қаражат жинақталды. Қор жұмысын әріптесіміз, белгілі педагог, ғылым докторы, профессор, мәслихат депутаты Гүлнас Ахметова басқарады. Бүгінге дейін екі мыңға жуық отбасына 121 млн. теңгеніңжәрдемі көрсетілді.

Сонымен бірге, партия жобасымен үндес қалалық «Бақытты отбасы» Жол картасы іске қосылды. Жыл басынан бері 400-дейсәби балабақ­шаға тегін бару мүмкіндігіне ие болды. Биылғы мамыр айында біздің ұсынысымыз бойынша еліміздегі тұңғыш «Бақытты отбасы» орта­лығы ашылды. Онда көпбалалы аналар кәсіптік біліктілікті арттыру, жұмысқа орналастыру курсынан өтеді, ақыл-кеңес алады. Орталықтың тұсаукесеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келіп, арнайы қатысты. Бұдан кейін еліміздің өзге өңірлерінде де осындай орталықтар бой көтерді.

Фракция мүшелері партияның «Мектепке жол», «Мобильді халыққа көмек» акцияларына,басқа да  іс-шараларға белсене қатысып келеді. Жуырда өз тарапымнан тұрмысы төмен 150 жасөспірімге мектепке қажетті құрал-жабдықтар алып беруге көмектестім. Қаламыздағы Қасыл Қатықбаева  атындағы №168 мектеп-гимназиясының базасында талантты оқушылардан құрылған «Аңсар» футбол командасын қамқорлығыма алдым.

«Nur Otan» партиясының басты міндеті – қоғамдағы ұзақ мерзімді көшбасшылықты сақтау болғандықтан, фракциямыз Сайлауалды бағдарламада халыққа берілген партия уәдесін орындауды тұрақты назарда ұстайды. Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын, «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобаларын, мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жетекшілік жасап, үлгі көрсетіп етеді. Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық коворкинг орталығы сияқты бірқатар нысандарды жаңғыртуға фракция мүшелері айтарлықтай үлес қосты.

Сонымен қатар, «Құтты мекен» бағдарламасы аясындақаладағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы да фракцияның басты бақылауында тұр. Жыл басынан бері фракцияның 3 отырысы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалуы бойынша 3 комиссия отырысы және 1 партиялық тыңдау өткізілді. Қабылданған 100-ден аса ұсыныстардың 84 проценті орындалды, қалғаны жұмыс үстінде.

Жалпы, «Nur Оtаn» партиясының ортақ рейтингісі – барлық деңгейдегі депутаттар жұмыстарының нәтижесінде қалыптасатыныайқын. Бұл ретте партияның алматылық фракциясы өз әріптестері арасында Орталық аппарат бағалауы негізінде елімізде үшінші жыл қатарынан көш бастап келеді.

Әрине, фракциямызалдағы уақытта да партия талабына сәйкес, әлеуметтік қолдау, жаңа еңбек орындарын ашу, елді дамытуда өзінің көшбасшылық, қадағалаушылық қызметін жалғастыра беретін болады. Партия мен қоғам өзара сенім арқылы бірлесе жұмыс атқарғанда, алар асуымыз бен шығар биігіміз қашан да нәтижелі болмақ. Еліміздің жасампаз істері еселеніп, халқымыздың бақуатты тірлігі арта берсін.

Осы орайлы сәтті пайдаланып, «Nur Оtаn» партиясының қалалық мәслихаттағы фракциясы атынан «Алматы ақшамының» барша оқырмандарын алда келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен, Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сұхбатты әзірлеген – Мәншүк БЕКБОСЫН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *