Отандық ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар басылым

1 шілдеде «Алматы ақша­мы­ның» жарық көр­ге­ніне 30 жыл толды. Көзі­қарақ­ты, зер­делі оқырман бұл басы­лымның күні кеше қалай, қандай жағдайда шыққа­нынан жақсы хабардар. Мұн­дайда қазақ «оты­зында орда бұзба­ған, қыр­қында қамал алмайды» деп жатады ғой. 30 жыл көп уақыт емес.

Дейтұрғанмен де, басы­лым­­ның тағылым түйер терең тари­хы, өзінің қалыптасқан мектебі, ұлттық ақпарат кеңістігінде алар айшықты орны бар. Бұл жөнінде алдағы уақытта тәп­сір­­­­лейтін боламыз.

Ендігі жерде бүгінгі нөмір­ден бастап әріптестеріміз, қалалық, респуб­ликалық құрылымдар, бел­гілі тұлға­лар, жалпы оқыр­ман­дарымыз тарапынан келіп жатқан құттықтау, ілтипат, лебіз­дерді жариялап отыру­ды да міндетіміз санап, зор риза көңі­лімізді білдіреміз.

 

Құрметті «Алматы ақшамы» газетінің ұжымы! 

«Алматы ақшамы» газетіне 30 жыл толуымен шын жүректен құттық­­таймын!

Газет еліміздің ең ірі мегаполисі Алматының тыныс-тіршілігін, мәде­ниеті мен өнерін, білімі мен ғылы­мын халық арасында насихаттауда табысты қызмет атқарып келеді.

Мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық өркендеу мен жаһан жаңалықтарының да газет беттерінде жарияланып отыруы, басылым қыз­меткерлерінің жоғары кәсіби біліктілігін, білімін айқындайтыны сөзсіз.

Ұлт зиялыларының мазмұнды мақалалары, қарымды қаламгер­лердің ойлы очерктерінің «Алматы ақша­мында» басылып тұруы да газеттің рухани құндылығын еселей түсуде.

Бүгінде басылым Елбасының Стратегиялық бағдарламаларын халыққа жеткізуге және Парламент қабылдаған заңдарды елге түсіндіруге елеулі үлес қосуда.

Алдағы уақытта да Отандық ақ­парат кеңістігіндегі өзіндік орнын иеленген газет ұжымының шығарма­шылық қызметіне сәттілік тілеймін!

Ізгі тілекпен,

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *