Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовті ұлықтаған конференция өтті

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовті ұлықтаған конференция өтті
inform.kz

Алматы қаласында Халықаралық Түркі академиясы «Ұлылар үндестігі» атты халықаралық конференция өткізді. Аталған шара ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, заңғар жазушы М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz inform.kz сілтеме жасап.

Ұлттық кітапхана ғимаратында өткен алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, ТМҰ Ақсақалдар кеңесінен мүшесі Икрам Адырбеков, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен танымал ғалымдар қатысты.

Тағылымды шара аясында Алаш қайраткерлеріне, А.Байтұрсынұлы және М.Әуезовке арналған арнайы көрме ұйымдастырылды.

Басқосуды академия басшысы Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды.

Алқалы жиын аясында қос бірдей тұрғырлы тұлғаның мерейтойына орай Халықаралық Түркі академиясы әзірлеп жарыққа шығарған бірқатар еңбектердің таныстыру рәсімі өтті.